Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

жалпы республикалық ғылыми-практикалық конференцияның - ҚАРАРЫ

жалпы республикалық ғылыми-практикалық конференцияның - ҚАРАРЫ
2023 жылғы 20 қыркүйекте Астана қаласында «Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың жай-күйі мен перспективалары» атты жалпы республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

            Ғылыми-сараптамалық қоғамдастық ұсынған баяндамаларды зерделеу, сондай-ақ отандық және шетелдік этносаясат саласындағы заманауи трендтер мен инновацияларды талқылау қорытындылары бойынша конференцияға қатысушылар этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты дамытудың мынадай бағыттарын қарастыру орынды деп санайды:

  • Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын және Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асыру шеңберіндегі этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыттары мен нысаналы көрсеткіштері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту, сондай-ақ «Азаматтық ұлт», «Толық адам» және «Адал адам» сияқты азаматтық тұжырымдамалар, бірлік және келісім саясаты мәселелері бойынша ағартушылық қызметті жандандыру;
  • Этномәдени бірлестіктер мен Ассамблеяның қоғамдық құрылымдарының мемлекеттік органдармен және ғылыми-сараптамалық қоғамдастықпен зерттеу жүргізу, қоғамдық іс-шаралар, қоғамдық жобалар және т.б. шеңберінде өзара іс-қимылының нысандары мен әдістерін кеңейту;
  • Ұлттың қалыптасу процесінің ағымдағы жай-күйі туралы баяндама және басқа да зерттеу жобалары бойынша бірлескен жұмыс істеуге ғылыми-сараптамалық қоғамдастықтың қатысуын және қолдауын қамтамасыз ету;
  • «QAZAQTANÝ» (М. Әуезов атындағы ОҚУ) республикалық ғылыми журналы мен «Etnosayasat» журналы (ҚР МАМ ҚЭЗИ) сияқты мамандандырылған ақпараттық-талдамалық басылымдарда ғылыми-сараптамалық қоғамдастық еңбектерінің тұрақты түрде жариялануын қамтамасыз ету.
  • Ассамблея институттарының үздік тәжірибелері негізінде курстарды, ауызекі сөйлеу клубтардың және зияткерлік іс-шараларды танымал ету арқылы жастар арасында мемлекеттік тілді этносаралық қарым-қатынас тілі және біріктіруші негіз ретінде ілгерілетуді кеңейту;
  • Қазақ тілінің ұлттық корпусын ғылыми-сараптамалық қоғамдастық пен Ассамблея институттары арасында танымал ету жөніндегі істерді жүргізу, оны жұмыста, зерттеу қызметінде және мемлекеттік тілді үйрену процесінде пайдалану үшін ұсыну;
  • Этносаралық қатынастар және этносаясат саласында, әсіресе этнодемографиялық, әлеуметтік-экономикалық, мәдени, тарихи параметрлері ұқсас елдермен өзара іс-қимылды, тәжірибе мен білім алмасуды жолға қою жөніндегі жұмысты жалғастыру;
  • Жастардың әлеуметтік жауапкершілігі мен көшбасшылық қасиеттерін дамыту үшін ұсынылған әлеуметтік-гуманитарлық және білім беру кейстерін («жасөспірімдердегі этносаралық қатынастар мәдениетін диагностикалау» , «мектептердің педагогикалық ұжымдары арасында этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттің саясатын түсіндіру», «этносаралық келісім мен толеранттылықтың қазақстандық моделін насихаттау» және т.б.) зерделеу негізінде ЖОО және ТжКБ ұйымдары студенттерінің әлеуметтік жобаларға (оның ішінде этносаралық салада) қатысу тәжірибесін кеңейту;
  • Этносаралық қатынастарды реттеудегі тиімділікті бағалай отырып, өңірлерде этномедиация саласында медиативтік тәжірибелердің қолданысын кеңейту;
  • Табысты отандық және шетелдік кейстерді зерделеу негізінде Ассамблея институттарыының медиативтік практикаларды (оның ішінде бейресми медиацияны) бейімдеу, жергілікті қақтығыс оқиғаларының алдын алу және реттеу дағдыларын дамыту үшін жастарды бұл салада оқыту мүмкіндігін қарастыру;
  • Интернет кеңістігінде «араздық тілінің» таралуына жол бермеу үшін этносаралық коммуникациялардың медиа сауаттылығы мен этикасы бойынша оқыту жүргізу;
  • ЖОО-дағы гуманитарлық мамандықтардың білім беру бағдарламаларына «Медиация негіздері» пәнін әзірлеу және енгізу мүмкіндігін қарастыру;
  • Қазақстандағы этностардың көші-қон әлеуетін зерделеу бойынша жеке әлеуметтанулық зерттеу жүргізу мүмкіндігін қарастыру (еңбек мигранттары бойынша этносішілік жағдай: қырғыздар, өзбектер, тәжіктер);
  • ЖОО-дағы журналистика кафедраларының негізінде «Этножурналистика» оқыту курсын жүргізу мүмкіндігін қарастыру;
  • Ассамблея институттарының тиістіоқу және әдістемелік әдебиеттерін (оқулықтар және әдістемелік құралдар, ғылыми мақалалар жинақтары, оқу әдебиеттері, энциклопедиялар мен сөздіктер) оқу орындарының кітапханаларына, білім беру бағдарламалары мен оқу материалдарын әзірлеу кезінде этносаралық қатынастар саласындағы ғылыми-сараптамалық қоғамдастықтың өкілдігін арттыру мақсатында мектептердегі негізгі және элективті білім беру бағдарламаларына енгізу мүмкіндіктерін қарастыру.

Конференцияға қатысушылар мемлекеттік этносаясатты табысты іске асыру және ұлт бірлігін нығайту үшін өңірлік ғылыми-сараптамалық қоғамдастықтың тартылуын арттырудың жоғары маңыздылығын атап өтті. Бұл процесте білім беру және мәдени-ақпараттық ағарту салаларындағы пәнаралық өзара іс-қимылға ерекше рөл берілген.

Редактор ИПЭИ

News