Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

Этносаяси дискурсы алаңында онлайн форматта "Қордай сабақтары" тақырыбына сараптамалық кездесу өтті

Этносаяси дискурсы алаңында онлайн форматта "Қордай сабақтары" тақырыбына сараптамалық кездесу өтті
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары А.Сарым, Е.Саиров, Қ.Нуров, Қазақстан халқы Ассамблеясының және ғылыми-сарапшылық кеңестің мүшелері, ҚР АҚДМ этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитетінің, Мемлекет тарихы институтының, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының, ҚЭЗИ сарапшылар тобының өкілдері, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары мен докторанттары қатысты.

2021 жылдың 10 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласында Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының (бұдан әрі – ҚЭЗИ) этносаяси дискурсы алаңында онлайн форматта "Қордай сабақтары" тақырыбына сараптамалық кездесу өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары А.Сарым, Е.Саиров, Қ.Нуров, Қазақстан халқы Ассамблеясының және ғылыми-сарапшылық кеңестің мүшелері, ҚР АҚДМ этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитетінің, Мемлекет тарихы институтының, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының, ҚЭЗИ сарапшылар тобының өкілдері, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранттары мен докторанттары қатысты.

Алғы сөз Институт директорының орынбасары А.Сәдуақасоваға берілді. Ол ең алдымен, біз осы оқиғалардан қандай сабақ ала алдық және бүгін қандай нәтижеге қол жеткізе аламыз деген сұрақтарға баса назар аударып, қатысушылардын өз пікірлерін білдіруді ұсынды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚЭЗИ сарапшылар тобының мүшесі Айдос Сарым Қордай оқиғаларына әр түрлі баға берілгенін атап өтті. Ол әлемдік тарихқа көз жүгіртсек, барлық проблемалар экономикалық немесе әлеуметтік жағдаймен өлшенбейтінін атап өтті. Ең демократиялық, зайырлы, экономикалық дамыған елдерде мұндай жағдайлар болуы әбден мүмкін. Бұл мәселені жан-жақты және терең зерттеу қажет,-дейді. Депутаттың айтуынша, эмоцияға емес, заңның үстемдігіне назар аударған абзал. "Қылмыс пен этнос сияқты ұғымдарды ажырата білу керек. Бұл да өте күрделі кешенді мәселе".

Өз кезегінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров Қазақстанда мемлекеттік өзін-өзі сәйкестендіру болуы тиіс деп санайды. Заңнамалық базаны нығайту қажет және заң баршаға ортақ болуға тиіс,- дейді. Ол тұрақтылықты нығайту және этносаралық келісімді сақтау үшін еліміздің мемлекеттік институттары маңызды рөл атқаратынын айтты. Дәл осы мемлекеттік институттар тұрақтылықтың кепілі бола алады және оны қазақстандық патриотизм құндылықтарында дамыту керек. Сонымен қатар, депутат еліміздің негізгі Мемлекеттік рәміздері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізудің және мемлекеттік тілді дамытудың маңыздылығын атап өтті.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қанат Нұров этносаралық қатынастарды ұлттық саясат реттейтінін атап өтті. Оның айтуынша, ұлтқа қатысты мемлекеттік саясат оның қандай ғылыми негіздерден шыққанын және қандай терминдерді қолданатынын нақты түсінуі керек. Қ. Нұров әлеуметтік алауыздықтың негізгі үш факторын анықтады: діни, таптық және этникалық. Оның пікірінше, кез-келген әлеуметтік алауыздық бәсекелестіктің топтық әдісіне негізделген, ал негізінде жеке бәсекелес болу керек.

Іс-шара барысында қатысушылар пікір алмасып, талқыланған тақырып бойынша өз көзқарастарын білдірді.

Жаңалықтар