Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
толығырақ

2023 жылы бойынша Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының қызметі туралы

2023 жылы бойынша Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының қызметі туралы
Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты «Этносаралық қатынастар саласындағы қолданбалы этносаяси зерттеулер мен іс-шараларды өткізу бойынша қызметтер» мемлекеттік тапсырмасын орындау шеңберінде келесі жұмыстар орындалды:

1. Зерттеу бағыты шеңберінде Институт проблемаларды анықтау және оларды шешу бойынша ОМО мен ЖАО үшін атаулы ұсынымдар әзірлеу мақсатында 3 жобаны іске асырды.

Әзірленген ұсынымдар негізінде өңірлер этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі өңірлік ведомствоаралық жоспарларды дайындайды және іске асырады. 

2023 жылы Институт келесі жобаларды жүзеге асырды:

1) «Елдегі этносаралық ахуалға социологиялық зерттеу жүргізу». Осы жоба шеңберінде 4 әлеуметтанулық өлшем (1,2,3,4 тоқсан) жүргізілді, олар бойынша өңірлер бөлінісінде этносаралық қатынастар саласындағы саясатты жетілдіру бойынша 3 тоқсан сайынғы және 1 жылдық есептер дайындалды.

2) «Бұқаралық коммуникация құралдарының этносаралық қатынастардағы қақтығыс әлеуетінің деңгейіне әсері». Жоба интеграция мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етуге әсер ететін негізгі отандық ҚПК мен БКҚ тізімін анықтауға; этносаралық қатынастарды үйлестіруде БКҚ пайдалану және қазақстандық қоғамның жалпыұлттық бірлігін қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік берді. 

3) «Бірегейлік формуласын анықтау». Бұл жоба өзінің әдіснамасымен бірегей, Қазақстанда алғаш рет лонгитюдтік кешенді зерттеу әдіснамасы сыналды, жобада эмпирикалық деректерді талдаудың әрқилы түрлері (оның ішінде регрессиялық) пайдаланылды. Жоба қорытындысы бойынша әртүрлі жас, әлеуметтік топтар, өңірлер, этностық және басқа да сипаттамалар бөлінісінде Қазақстандықтардың бірегейлігін қалыптастыру ерекшелігі айқындалды; бірегейліктің басым түрлері анықталды және әлеуметтік топтардың бірегейліктерінің басым түрлерін ескере отырып, этносаралық саладағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ұсынымдар әзірленді.

2. Аналитикалық-болжамдық бағыт шеңберінде Институт жыл сайын өңірлерге мониторингтік шығуларды жүзеге асырады. 2023 жылы өңірлерге 10 сапар жасалды. Әр түрлі этникалық топтардың қатысуымен оқиғалардың жиі қайталанатын аймақтарға ерекше назар аударылады: этносаралық қатынастардың динамикасы байқалады, этносаралық келісімге кедергі келтіретін проблемалық мәселелерді талдау жүзеге асырылады, шиеленіс деңгейі және этносаралық қатынастар саласындағы қақтығыстардың негізгі триггерлері анықталады.

Бұл мониторингтік сапарлар этномедиациялық практикаларды жүргізу үшін ақпарат көздерінің бірі болып табылады.

3. Сараптамалық сүйемелдеу шеңберінде Институт Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық кеңесінің жұмыс органы болып табылады.

2023 жылы ҚХА ҒСК-нің 4 отырысы өткізілді: 2 жұмыс отырысы, 2 кеңейтілген отырыс.

ҚХА ҒСК міндеттерінің бірі ҚХА, мемлекеттік этносаясат және этносаралық қатынастар қызметін ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізу.  

ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері ҚХА қызметін ғылыми-зерттеу, ақпараттық және сараптамалық сүйемелдеу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді.

4. Институт мамандар, мүдделі органдар мен құрылымдардың өкілдері арасында әдістемелік сүйемелдеу және құзыреттілікті арттыру жөніндегі қызметті жүзеге асырады.

Этномедиация, ақпараттық-түсіндіру жұмысы, көшіп-қонушыларды бейімдеу, этносаралық интеграция және т. б. бағыттар бойынша ОМО және ЖАО қызметкерлеріне 5 әдістемелік құрал дайындалды.

Қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту бойынша 1 жалпы республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Институттың қатысуымен «Этносаясат» ақпараттық-талдау журналының 2 шығарылымы дайындалды.

Ақпараттық-талдамалық басылым 2022 жылдан бастап шығарылады. Басылымның негізгі мақсаты этносаралық қатынастар саласының өзекті мәселелерін жариялау болып табылады.

Басылымда ақпараттық-талдамалық жоспардың мақалалары, талдамалық шолулар (анықтамалар), этносаралық саладағы ғылыми зерттеулердің нәтижелері қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланады.

5. Этномедиация

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Институт базасында Этномедиация орталығы құрылды. Орталық өз қызметін 2023 жылдың мамыр айында бастады.

Орталықтың негізгі бағыты - тиімділіктің жоғары үлесімен ықтимал әлеуметтік қақтығыстарды толық шешілгенге дейін анықтауға және оқшаулауға қабілетті жоғары тиімді этномедиаторлар пулын дайындау.

Қазіргі уақытта 12 өңірді (шілдеден қазанға дейін) қамти отырып, 4 бұталы семинар-тренинг (5 күндік) өткізілді, этноәлеуметтік шиеленіс картасына кіретін өңірлер (Жамбыл, Түркістан, Алматы, Жетісу, СҚО, ШҚО, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Қостанай және Шымкент және Алматы қалалары) басымдыққа ие болды.

Семинар-тренингтерге жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық сектордың, этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, құқық қорғау органдарының, оқу орындарының (директорлар, орта білім беру мектептерінің мұғалімдері), қоғамдық пікір көшбасшыларының, медиаторлардың және т. б. өкілдері қатысты.

4 семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларды екінші 5 күндік семинар-тренингке іріктеу өткізілді.

Орталық әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз етеді, жұмыс аясында 2023 жылы әдістемелік құрал дайындалды.

Сонымен қатар, этномедиаторлар үшін 6 тараудан тұратын және 10 этникалық топ туралы ақпаратты қамтитын семантикалық карта әзірленді. Картада этникалық топтардың өзара іс-қимылының тілдік ерекшелігі, мәдени және тарихи аспектілері ескерілген.  

Қызмет шеңберінде Орталық қызметкерлері профилактикалық және дағдарысқа қарсы сапарларды жүзеге асырады. Қазіргі уақытта Орталық қызметкерлері жанжал әлеуетін анықтаудың түрлі мәселелері бойынша өңірлерге (Жетісу облысы, Алматы қаласы, СҚО, ШҚО, Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Қарағанды облыстары) 8 нүктелі сапар өткізді.

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты этносаралық қатынастар және қақтығыстардың алдын алу саласын зерттеу әдіснамасын жетілдіру бойынша тұрақты негізде жұмыс істейді, сондай-ақ отандық және халықаралық орталықтармен және зерттеушілермен ғылыми байланыстарды дамытады.

 

 

Редактор ИПЭИ

Жаңалықтар