Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

«БАҚ-тағы ұлттық мәселе:«Араздық тілі» немесе «Достық тілі».

«БАҚ-тағы ұлттық мәселе:«Араздық тілі» немесе «Достық тілі».
Институт прикладных этнополитических исследований
2021 жылғы 29 сәуірде Нұр-Сұлтан қ. Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының (бұдан әрі-Институт) этносаяси дискурсы алаңында онлайн форматта «БАҚ-тағы ұлттық мәселе:«Араздық тілі» немесе «Достық тілі». Әлеуметтік медиа және ұлттық мәселе. Әлеуметтік желілердегі дискриминация, төзбеушілік және шовинизм» тақырыбында сарапшылық кездесу өтті.

Сарапшылық топтың жұмысына "PaperLab" қоғамдық қорының директоры С. Бейсембаев, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстандық коммуникация қауымдастығының директоры Б. Ахатова, «Талдау және ақпарат орталығы» РМК директорының бірінші орынбасары А. Гайсина, Қазақстан халқы Ассамблеясының және Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері, ҚР АҚДМ этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитетінің, ҚЭЗИ сарапшылық тобының өкілдері және т. б. қатысты.

Серік Бейсембаев өз сөзінде әлеуметтік желілердің қазақстандық сегментінде араздықтың "жұмсақ" тілі кең таралғанын, негізінен этникалық, діни және гендерлік белгілері бойынша кемсітушілік байқалатынын атап өтті. Оның пікірінше, онлайн ортада араздық тілдің алдын-алу бойынша шаралар мен шешімдер қабылдау, сондай-ақ араздық тілдің алдын-алу саласында үлкен тәжірибесі бар халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнату қажет.

Өз кезегінде Бағила Ахатова медиасауаттылықты және қоғамның медиатекстерді сыни талдау, бағалау және құру қабілетін арттырудың маңыздылығын атап өтті.

Этносаралық мәселелер бойынша ақпараттық алаңындағы мониторинг нәтижелерімен Айнаш Гайсина бөлісті. Спикер талдау және ақпарат орталығының тәжірибесі туралы айтып, мониторинг жұмысы кезінде Орталық этносаралық қатынастар мәселелеріне ерекше назар аударатынын атап өтті. Сенсацияға ұмтылу кезінде журналистер көбінесе байқаусызда өздері бағыттаушы болып, кемсітушілік контекстегі ақпараттық хабарламаларды көбейте алады, сондықтан алдымен ақпаратты мұқият тексеріп, сарапшылардан кеңес алу керек, - дейді.

Іс-шара барысында қатысушылар пікір алмасып, талқыланған тақырып бойынша өз пікірлерін білдірді.

News