Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

Дағдарысқа қарсы журналистика негіздері

Дағдарысқа қарсы журналистика негіздері
2022 жылғы 08 сәуірде Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты (бұдан әрі-Институт) ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетімен бірлесіп, қоғамдық-саяси және этносаралық саладағы дағдарысты жағдайларды жариялау бойынша БАҚ үшін «Дағдарысқа қарсы журналистика негіздері» тақырыбында тренинг ұйымдастырып, өткізді.

Тренерлер ретінде «Қоғамдық Келісім» РММ директоры Ғалымжан Құсманғали және Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының мамандары: ҚЭЗИ директоры Талғат Қалиев, талдау және этнодемографиялық даму Департаментінің директоры Дінмұхаммед Ғали, әлеуметтік зерттеулер және әдістемелік жұмыс Департаменттерінің жетекші менеджерлері Мендыхан Қобланұлы және Азамат Кужбанов шақырылды.

Тренинг барысында қатысушылар бұқаралық психологияның негіздерін, қоғамда ақпаратты тарату принциптерін, әлеуметтік қақтығыстарды шешудегі БАҚ рөлін және кәсіби терминологияны қолдануды қарастырды. Тренерлер «Ақпараттық соғыс деген не?», «Сандардың артында не жатыр?», «Сананы қалай басқаруға болады» және т.б. сұрақтарға барынша жауап беруге тырысты.

Тренинг интерактивті жұмыс әдістерін қолдана отырып өткізілді. Қатысушылар өз белсенділіктерін көрсетіп сұрақтарға жауап беріп, тренерлердің жұмысын жоғары бағалап, пікірлерімен және тәжірибелерімен бөлісті.

Редактор ИПЭИ

News