Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

«Этномедиация. Интеркультурализм» тақырыбына семинар-тренинг

«Этномедиация. Интеркультурализм» тақырыбына семинар-тренинг
2021 жылдың 23-24 қыркүйекте ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мемлекеттік тапсырмасы аясында Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты (бұдан әрі - Институт) «Этномедиация. Интеркультурализм» тақырыбына семинар-тренинг өткізді.

Екі күндік семинар-тренингке этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысатын жергілікті атқарушы органдардың мамандары, БАҚ, этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және басқалары қатысты.

Бірінші күні тренер ретінде сертификатталған жаттықтырушы, медиатор, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің, ҚХА республикалық Медиация кеңесінің мүшесі Шерзод Пулатов шақырылды. Екінші күні Институтың Этносаралық қатынастарды талдау департаментінің директоры Гүлдана Оқасова мен жетекші менеджеры Жұлдыз Кәрім жүргізді.

Семинар-тренинг барысында этномедиация негіздері туралы, оның ішінде медиацияның принциптері мен құралдары, әр түрлі этникалық топтар қатысуымен қақтығыстардың сипаттамалары және қақтығысты анықтайтын негізгі себептер мен катализаторлары туралы, этносаралық қатынастар саласындағы медиатор қызметі және этномедиацияның тәжірибелік технологиялары туралы айтылды. Сонымен қатар, этносаралық қатынастар саласындағы медиацияның нормативтік-құқықтық базасы және интеркультурализмнің негізгі принциптері мен даму перспективаларымен танысты.

Семинар-тренинг интерактивті жұмыс әдістерін қолдана отырып өткізілді. Қатысушылар өз белсенділіктерін көрсетіп сұрақтарға жауап беріп, пікірлерімен және тәжірибелерімен бөлісті.

Редактор ИПЭИ

News