Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

«Этносаралық келісім саясаты: бірлігіміз әралуандықта» тақырыбындағы жалпыреспубликалық ғылыми-практикалық конференциясы

«Этносаралық келісім саясаты: бірлігіміз әралуандықта»  тақырыбындағы жалпыреспубликалық  ғылыми-практикалық конференциясы
2021 жылы 23 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласындағы Достық үйінде «Nur Otan» Қоғамдық саясат институты ҚР АҚДМ Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтымен бірлесіп, «Этносаралық келісім саясаты: бірлігіміз әралуандықта» тақырыбында Жалпыреспубликалық ғылыми-практикалық конференция өткізді (бұдан әрі- Конференция).

Конференцияның негізгі мақсаты- сарапшылар қауымдастығын ағымдағы процестерді, мәдени әралуандықты дамытудың заманауи трендтерін және интеркультурализм саясатын талқылауға тарту және ұлт бірлігін нығайтуға бағытталған ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу болып табылады.

Конференцияға мемлекеттік органдар, қазақстандық ғылыми -сарапшылық қоғамдастық мүшелері, этносаралық қатынастар саласында маманданған Ресей, Украина және т.б. елдерінің сарапшылары қатысты.

ҚР ПӘ ҚХА хатшылығы меңгерушісіның орынбасары Ерлан Абдақасов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Сарым Айдос, Берік Абдіғалиұлы және ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Шойкин Ғалым Нұрмағамбетұлы алғы сөз сөйледі.

Конференция аясында азаматтық қоғамның дамуы, қазақстандықтардың барлық ұрпақтарының азаматтық санасы мен патриоттық сезімінің өсуі, ұлттық этносаясат мәселелері, бірлік пен келісімді нығайту, ынтымақтастық пен толеранттылық, достық пен өзара көмек дәстүрлері, сондай-ақ этносаралық қатынастар саласындағы практикалық міндеттерді шешудің әдіснамасы мен әдістемесін әзірлеу мәселелері талқыланды.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар пікірлерімен және ұсыныстарымен алмасты.

Редактор ИПЭИ

News