Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

«Түрлі этнос өкілдерінің мемлекеттік қызметінде, құқық қорғау органдарында қатысуы» тақырыбындағы этносаяси дискурс

«Түрлі этнос өкілдерінің мемлекеттік қызметінде,  құқық қорғау органдарында қатысуы»  тақырыбындағы этносаяси дискурс
2021 жылғы 19 тамызында Нұр-Сұлтан қ. Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының (бұдан әрі-Институт) этносаяси дискурсы алаңында «Түрлі этнос өкілдерінің мемлекеттік қызметінде, құқық қорғау органдарында қатысуы» тақырыбында онлайн форматта сарапшылық кездесу өтті.

Этносаяси дискурс жұмысына ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің, өңірлердің Ғылыми-сарапшылық топтарының, Институт жанындағы этносаралық қатынастар саласындағы сарапшылық тобының мүшелері және т.б. қатысты.

Алғы сөз Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары Дана Ашимхановаға берілді.

Спикерлер ретінде  «Нұр Отан» қоғамдық саясат институтының директоры, ҚЭЗИ сарапшылар тобының мүшесі Мадина Маратқызы, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының директоры, ҚХА ҒСК мүшесі Белла Асланбековна, Қостанай облысы әкімдігінің «Қоғамдық келісім» КММ директоры Наталья Сергеевна шақырылды.

Баяндамашылардың пікірінше, мемлекет әлеуетті анықтауға, жұмысқа орналасуға және қолдауға бағытталған көптеген жобалар мен бағдарламаларды құруда, олар әрбір азаматқа әлеуметтенуге және өзін-өзі жан-жақты дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл тақырыпты толық зерттеу үшін статистикалық мәліметтер мен зерттеулер жеткіліксіз. Бұл жөнінде ауқымды жұмыс жүргізу керектігін айта кетті.

Қатысушылар этносаяси дискурс тақырыбы бойынша өз ұсыныстарын айтып, белсенді пікір алмасты.

News