Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің жұмыс отырысының

Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің жұмыс отырысының
2021 жылғы 5 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында ҚР АҚДМ Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының алаңында онлайн форматта ҚР ПӘ ҚХАХ меңгерушісінің орынбасары Е.С. Абдақасовтың және ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Н. Шойкиннің қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің жұмыс отырысы өтті.

Отырыс жұмысына облыс, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары әкімдіктерінің ішкі/қоғамдық саясат басқармаларының басшылары, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің, өңірлердің Ғылыми-сарапшылық топтарының, жас ғалымдар мен сарапшылар пулы мүшелері қатысты.

ҚР ПӘ ҚХАХ меңгерушісінің орынбасары Ерлан Абдақасов алғы сөз сөйледі. Ол бұқаралық коммуникацияның қоғамдық санаға әсерінің кеңеюі аясында тілдік жағдайына, этнодемографиялық процестерді ескере отырып ұлт құрудың модельдеріне, қазіргі замандағы сәйкестікті зерттеудегі жаңа парадигмаларға,  әлеуметтік-гуманитарлық ғылымның жаңа тенденцияларына назар аудару қажет екенін атап өтті.  Оның пікірінше, қазіргі жағдайды бағалай алатын және оны ақпараттық кеңістікте таратуға қабілетті, этносаралық қатынастар мәселелері бойынша сараптамалық ортаны қалыптастыру маңызды міндет болып табылады.

ҚХА ҒСК төрайымы Айгүл Садвокасова ҚХА ғылыми қауымдастығы дайындаған этносаясаттың нақты қажеттіліктерін ескертетің этносаралық қатынастар саласындағы қолданбалы және іргелі зерттеулер тақырыптарының тізімін, сондай-ақ  магистратура мен докторантураның зерттеу тақырыптарын ұсынды.

ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин этносаралық қатынастар саласындағы негізгі зерттеу тақырыптарын анықтау бойынша өңірлермен жүргізілген жұмыстың нәтижесімен бөлісті. Оның пікірінше, мұндай зерттеулер, ең алдымен, көптеген жылдар бойы алаңдаушылық туғызған және тез арада шешуді талап ететін этносаралық саласының белгілі бір проблемалық мәселелерін шешуге өңірлердің қажеттіліктерінен туындайды. Осы зерттеулер шеңберінде оң нәтижеге әкелуі мүмкін шешімдерді ұсынуға және тиісті практикалық ұсыныстарды әзірлеуге болады.

Талқылау қорытындысы бойынша жұмыс отырысына қатысушылар пікір алмасып, өзекті тақырыптар мен осы бағыттағы ғылыми жобаларды іске асыру тетіктері бойынша өз ұсыныстарын берді.

News