Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

«Шекаралық аумақтарда этносаралық қатынастар үшін сын-қатерлер мен тәуекелдер бар ма?»

«Шекаралық аумақтарда этносаралық қатынастар  үшін сын-қатерлер мен тәуекелдер бар ма?»
2021 жылғы 22 шілдеде Нұр-Сұлтан қ. Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының (бұдан әрі-Институт) этносаяси дискурсы алаңында онлайн форматта «Шекаралық аумақтарда этносаралық қатынастар үшін сын-қатерлер мен тәуекелдер бар ма?» тақырыбында сарапшылық кездесу өтті.

Кездесуге ҚР АҚДМ, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің, өңірлердің ғылыми-сарапшылық топтарының, Институт жанындағы этносаралық қатынастар саласындағы сарапшылық тобының мүшелері және т. б. қатысты.

Алғы сөз Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиевке берілді. Ол Қазақстан жүргізген мемлекеттік шекараларды бүкіл периметр бойынша делимитациялауды Тәуелсіздіктің басты жетістіктерінің бірі деп асыра айтуға болмайтынын атап өтті.

Спикерлер ретінде Астана Халықаралық университетінің қауымдастырылған профессоры, PhD докторы Жақсылық Сәбитов, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының этносаралық қатынастар бөлімінің басшысы Бағдат Мұқанова, Қостанай облысы ҚХА ҒСТ төрағасы, философия ғылымдарының кандидаты Денис Качеев шақырылды.

Кездесу барысында қатысушылар еліміздің шекаралас аймақтарындағы этносаралық жағдайға әсер ететін сын-қатерлер мен ықтимал тәуекелдерді талқылады. Шекара маңындағы субъектілердің этносаралық өзара әрекеттесу саласында өзіндік ерекше сипаттамалары бар екенін ескере отырып, қатысушылар тұрақты негізде мониторингтік жұмысты жүргізудің және шекара маңындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті. Сонымен қатар, спикерлер шекаралық аумақтарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, патриотизм және этносаралық келісім тақырыбына контентпен ақпараттық жұмыс жүргізу туралы, сондай-ақ Қостанай облысының шекара маңы аумақтарында жүргізілген зерттеулердің нәтижелері туралы сөз қозғады.

Қорытындылай келе, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрағасы Айгүл Сәдуақасова шекаралас өңірлер жақсы серіктестік пен тату көршілікке бағытталғанын атап өтті. Бұл шекаралас облыстардың тұрғындары болғандықтан, ғасырлар бойы қалыптасқан қатынастарды бағалайтының сөзге тиек етті.

News