Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

«Этносаралық қатынастардағы әлеуметтік-экономикалық факторлар» тақырыбында семинар-тренинг

«Этносаралық қатынастардағы әлеуметтік-экономикалық факторлар» тақырыбында семинар-тренинг
Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты
2021 жылдың 21-22 маусымында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мемлекеттік тапсырмасы аясында Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты (бұдан әрі - Институт) «Этносаралық қатынастардағы әлеуметтік-экономикалық факторлар» тақырыбына семинар-тренинг өткізді.

Онлайн форматта өткен екі күндік семинар-тренингтің жұмысына 60-тан астам адам қатысты. Олардын арасында, этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысатын жергілікті атқарушы органдардың мамандары, этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және басқалары қатысты.

Тренерлер ретінде экономика ғылымдарының кандидаты Батжан Ақмолдина және экономика магистрі, Институттың бас менеджері Генриетта Строева шақырылды.

Екі күндік семинар-тренинг барысында қатысушылар Қазақстан өңірлерінің этнодемографиялық дамуы, этносаралық неке, этникалық аспект тұрғысынан Қазақстандағы халықтың көбеюі мәселелерімен, сондай-ақ Қазақстандағы этникалық көші-қон үрдістерімен танысты. Талдаудың статистикалық тәсілдері қарастырылып, онда құрылымдық талдау, орташа өлшемдерді есептеу, динамика мен вариация қатарларын талдау, тәуелсіз индикатор-индекстерді қайда және қалай бағаланатыны, қолданылатыны жайлы толық ақпарат берілді.

Семинар-тренинг интерактивті жұмыс әдістерін қолдана отырып өткізілді. Қатысушылар практикалық жұмыстарға белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, пікірлерімен және тәжірибелерімен бөлісті.

News