Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

«Қазақстандағы этносаясаттың әлеуметтанулық өлшемдері» тақырыбына семинар-тренинг өткізілді

«Қазақстандағы этносаясаттың әлеуметтанулық өлшемдері» тақырыбына семинар-тренинг өткізілді
2021 жылдың 14-15 маусымында ҚР Ақапарат және қоғамдық даму министрлігінің мемлекеттік тапсырмасы аясында Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты (бұдан әрі - Институт) «Қазақстандағы этносаясаттың әлеуметтанулық өлшемдері» тақырыбына семинар-тренинг өткізді.

Онлайн форматта өткен екі күндік семинар-тренингтің жұмысына 60-тан астам адам қатысты. Олардын арасында этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мамандары, этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және басқалары қатысты.

Тренерлер ретінде,  «Қоғамдық пікір» зерттеу институтының басшылары Ракишева Ботагөз және Мажитова Айнұр, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының әлеуметтік зерттеулер департаментінің директоры және бас менеджері Накипбаева Жанар және Өтеғали Дулат шақырылды.

Екі күндік семинар-тренинг барысында қатысушылар ақпарат жинаудың сапалық және сандық әдістерімен, фокус-топтық талқылаулар мен терең сұхбаттарды өткізу ерекшеліктерімен, әлеуметтанудағы бақылау әдістерімен және оның түрлерімен танысты. Әлеуметтанушылар қатысушыларды аудандарға мониторингтік сапарларды ұйымдастыру кезеңдерімен таныстырды, сондай-ақ моноэтникалық және полиэтникалық ортада жергілікті зерттеулер жүргізу тәжірибесімен бөлісті.

Семинар-тренинг интерактивті жұмыс әдістерін қолдана отырып өткізілді. Қатысушылар өз белсенділіктерін көрсетіп сұрақтарға жауап беріп, пікірлерімен және тәжірибелерімен бөлісті.

News