Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

«Әртүрлі этникалық топтардың қатысуымен қақтығыстар: классификациясы және талдауы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді

«Әртүрлі этникалық топтардың қатысуымен қақтығыстар: классификациясы және талдауы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді
2021 жылдың 25-26 наурызында ҚР Ақапарат және қоғамдық даму министрлігінің мемлекеттік тапсырмасы аясында Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты (бұдан әрі - Институт) «Әртүрлі этникалық топтардың қатысуымен қақтығыстар: классификациясы және талдауы» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Онлайн форматта өткен екі күндік семинар-тренингтің жұмысына 90-нан астам адам қатысты. Олардын арасында этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мамандары, этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және басқалары қатысты.

«Араздық тілі: посткеңестік кезеңде компаративті талдау» және «Қақтығыстарды ақпараттық сүйемелдеу: теория және келістер» тақырыптары бойынша халықаралық тренер ретінде жаңа геосаясатты зерттеу орталығының Азия-Тұнық мұхиты бөлімінің басшысы Юрий Пойта шақырылды. Отандық тренерлер ретінде «Қақтығыстың даму динамикасы: фазалар және трансформация» тақырыбы бойынша Институттағы этносаралық қатынастарды талдау департаментінің директоры Дана Әшімханова мен «Конфликтология туралы білім базасы: әртүрлі этникалық топтардың қатысуымен қақтығыстардың сипаттамасы мен классификациясы. Себептерді жүйелеу» тақырыбы бойынша Институттағы этносаралық қатынастарды талдау департаментінің бас маманы Фарида Мұсатаева қатысты.

Екі күндік семинар-тренинг барысында қатысушылар әртүрлі этниқалық топтардың қатысуымен болатын қақтығыстардың түрлері, құрылымы, фазалары, негізгі себептері және катализаторлары, этносаралық шиеленістің туындауына дейінгі ықтимал тәукелдер және т.б. ақпаратпен танысты. Сондай-ақ қақтығыс барысында БАҚ мен әлеуметтік желілердің әсері туралы, қақтығыстардағы дезинформация мен манипуляцияның рөлі туралы, жалпы, «Араздық тілі» ұғымы, оның ерекшеліктері мен салдары туралы толық ақпарат алды.

Семинар-тренинг интерактивті жұмыс әдістерін қолдану арқылы өткізілді. Қатысушылар өз белсенділіктерін көрсетіп сұрақтарға жауап беріп, пікірлерімен және тәжірибелерімен бөлісті.

News