Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты ұжымымен танысу кездесуі өтті

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты ұжымымен танысу кездесуі өтті
2021 жылғы 25 ақпанда қызметті үйлестіру мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясынан ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты ұжымымен танысу кездесуі өтті.

Кездесу барысында Институт директоры Т.Қалиев Институт қызметімен таныстырып, мониторингтік топтар жұмысының нәтижелері мен жүргізілген зерттеулер туралы айтып өтті.

Өз сөзінде ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының м.а. Ғ.Шойкин бұл депутаттардың Министрліктің ведомстволық бағынысты ұйымдарымен алғашқы кездесуі екенін атап өтті. Оның айтуынша, институт алдында еліміздегі этносаралық қатынастарды ғылыми тұрғыдан түсіну бойынша үлкен жұмыс тұр.

Сонымен қатар, ол этносаралық қатынастар саласындағы ағымдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісті. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын бірлескен жұмысқа шақырды.

Іс-шара соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, этносаралық саладағы мәселелерді шешу бойынша пікірлерімен және ұсыныстарымен бөлісті.

News