Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

ҚР БҒМ ғылыми зерттеулерінің қорытындыларын талқылауға арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің жұ

ҚР БҒМ ғылыми зерттеулерінің қорытындыларын талқылауға арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің жұ
Іс-шараға ҚР БҒМ Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Думан Орынбеков, ҚР АҚДМ этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің, Президент жанындағы ҚСЗИ, ЕҰУ өкілдері, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің және өңірлердің ғылыми-сарапшылық топтарының, ҚХА кафедралары қауымдастығының мүшелері және басқалар қатысты.

2021 жылдың 12 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының алаңында онлайн-форматта ҚР БҒМ ғылыми зерттеулерінің қорытындыларын талқылауға арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің жұмыс отырысы өтті. Іс-шараға ҚР БҒМ Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Думан Орынбеков, ҚР АҚДМ этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің, Президент жанындағы ҚСЗИ, ЕҰУ өкілдері, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің және өңірлердің ғылыми-сарапшылық топтарының, ҚХА кафедралары қауымдастығының мүшелері және басқалар қатысты.

Жұмыс отырысының модераторы ҚХА ҒСК төрайымы, әлеуметтану ғылымдарының докторы А.Сәдуақасова болды.

ҚР БҒМ Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институтының бас ғылыми қызметкері, гранттық жобаның ғылыми жетекшісі Рүстем Қадыржанов қатысушыларды "Қазақстандағы этностардың мәдени интеграциясы"ғылыми-зерттеу жобасымен таныстырды. Жобаның мақсаты Посткеңестік Қазақстандағы ұлттық құрылыс контексінде этникалық интеграцияның мәдени негіздерін трансформациялау мәселелерін зерттеу болып табылады.

Оның айтуынша, ҒЗЖ нәтижелерінің практикалық маңыздылығы мемлекеттік ұлттық саясаттың теориялық негіздерін нығайтуға, ұлтаралық тұрақтылық пен қоғамдық келісімді арттыруға ықпал ете алатындығында.

"Еуразиялық интеграция елдеріндегі (Қазақстан, Ресей және Қырғызстан) экологиялық тұрақты даму және инклюзивті институттарды құру" гранттық еуропалық интеграция тәжірибесінен не білуге болады?", жобасының ғылыми жетекшісі, Сүлеймен Демирел атындағы университеттің қауымдастырылған профессоры Ғалым Жүсіпбек сәйкестікке әсер ететін және қалыптастыратын мәдени факторларды ашты. Зерттеу нәтижелері адам құқықтарының дамуы, бір жағынан дәстүрлі мәдениет пен діни көзқарастарды реформалау және екінші жағынан плюралистік "мәдениетті" қалыптастыру арасындағы тікелей байланысты көрсетеді.

Сонымен қатар, гранттық жобаның ғылыми жетекшісі, ҚР АҚДМ "Талдау және ақпарат орталығы" РМК бизнес-талдаушысы Эльнура Асылтаева "қазақстандық бірегейлікті нығайту және патриотизмді арттыру контекстінде қазіргі жастардың құндылықтары мен мұраттарын қалыптастыру"жобасын ұсынды. Ол зерттеу әдістері, Жобаның мақсаттары мен нәтижелері туралы айтып берді.

Отырыс аясында ҚХА ҒСК және өңірлердің ҒСТ 2021 жылға арналған жұмыс жоспарлары талқыланды.

Талқылау қорытындысы бойынша ұсыныстар айтылып, пікір алмасылды.

News