
Семинар барысында қатысушылар этносаралық қатынастарды зерттеу мен қоғамдық мониторингте статистиканы қолдану мәселелерін жан-жақты қарастырды. Сонымен қатар сандық талдау әдістеріне, сондай-ақ ғылыми жұмыста социологиялық және демографиялық көрсеткіштерді дұрыс интерпретациялауға ерекше назар аударылды.

Студенттер талдамалық құралдарды тәжірибеде қолдану жөнінде білім алып, қоғамдық үдерістерді зерттеуде статистикалық әдістердің мүмкіндіктерімен тереңірек танысты.