Пікірталас жасанды интеллектті басқаруға, экономика және қоғамдық салаға енгізудің практикалық қадамдарына, сондай-ақ қарқынды цифрлық өзгерістер жағдайында әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталды.
Кездесуге сараптамалық қоғамдастық пен қоғамдық сектор өкілдері қатысты. Қатысушылар ЖИ саласындағы кадрлық әлеуетті дамыту басымдықтарын, деректердің орнықты инфрақұрылымын қалыптастыруды, нормативтік реттеу мен ақпараттық қауіпсіздікті жетілдіруді, сондай-ақ этносаралық қатынастардың нығайту және қоғамдық диалогты дамыту мақсатында цифрлық технологияларды ендіруді талқылады.
Спикерлер: Пулатов Шерзод – Ұлттық құрылтай мүшесі, ҚХА Республикалық этномедиация кеңесінің төрағасы; Кұсманғали Ғалымжан – «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары; Усанова Руфина – ҚР МАМ «Қоғамдық келісім» РММ бас директорының орынбасары; Гүлмира Пармышева – Қазақстанның әлеуметтік кәсіпкерлер қауымдастығының президенті, «Global Кішкентай» жобасының авторы; Бектұрмов Рүстем – ҚЭЗИ этномедиаторы өз ұстанымдары мен ұсыныстарын ұсынды.
Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар елдің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуде цифрлық трансформацияның жүйелі тәсілі мен ЖИ рөлінің маңыздылығын атап өтті. Әсіресе ЖИ-шешімдерді қолдауға, мемлекеттік қызметшілер мен мамандардың құзыреттерін дамытуға, инновациялар, азаматтардың құқықтары, этикалық нормалар мен ақпараттық қауіпсіздік арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге назар аударылды. Этносаралық тұрақтылық пен әлеуметтік орнықтылықтың негізі ретінде цифрлық ортада қоғамдық диалогты күшейтудің маңыздылығы атап өтілді.
Қатысушылар мемлекеттік әрі қоғамдық маңызы бар процестерде ЖИ мен цифрлық шешімдерді жедел енгізуге мүмкіндік беретін қолданбалы шараларға басымдық бере отырып, Жолдауда жарияланған бастамаларды әрі қарай іске асыру бойынша сараптамалық өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.