Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

Халықаралық жастар форумы мультикультурализм: ынтымақтастық және мәдени алмасу

Халықаралық жастар форумы мультикультурализм: ынтымақтастық және мәдени алмасу
2025 жылғы 22–27 тамыз аралығында Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты (Қазақстан Республикасы) мен Баку халықаралық мультикультурализм орталығы (Әзірбайжан Республикасы) арасындағы ғылыми және мәдени ынтымақтастық туралы Меморандум аясында Институт қызметкері мультикультурализм мен бейбітшілікке арналған ІІ Халықаралық жастар форумына белсенді қатысты.

Биылғы «Жастар мультикультурализм ортада бейбітшілік елшілері» тақырыбы мәдениеттер диалогын нығайтуда, өзара түсіністікті арттыруда, толеранттылық пен бейбіт қатар өмір сүру идеяларын ілгерілетуде жастардың рөлінің маңыздылығын айқындады. Институт қызметкері Базарбек Әлиқан оқу процесіне белсенді қатысып, Қазақстанның мәдениетін әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін көрсетіп, іс-шараға маңызды үлес қосты.

 

Форум әлемнің 50-ден астам елден келген шамамен 70 қатысушыны біріктіріп, тәжірибе, мәдени дәстүрлер мен жаһандық бейбітшілікті нығайтуға бағытталған бастамалармен алмасу үшін бірегей платформа құрылды.

Қатысушылар Баку, Шуша және Ханкенди қалаларында болды. Сонымен қатар Ханкенди қаласын қалпына келтіру және абаттандыру үдерісімен танысты, сондай-ақ Шушада Хұршидбану Натаван үйі, Бұлбұл мұражайы, Шуша қамалы, Юхары Говхар Аға мешіті, Вағиф мавзолейі және Жидір жазығын аралады. Экскурсиялар мен кездесулер қатысушыларға маңызды діни және тарихи орындарға баруға мүмкіндік алды, бұл қазіргі әлемдегі толеранттылық пен түсіністіктің маңыздылығын көрсетеді.

Форум жастар бастамаларының мәдениетаралық диалог пен бейбітшілікті ілгерілетудегі маңыздылығын көрсетті. Осындай оқиғаларды ұйымдастыру көпмәдениетті әлемде өзара түсіністік пен төзімділікті қалыптастырудың негізгі факторы болып табылатын білім мен мәдени тәжірибе алмасу үшін тиімді платформаны қамтамасыз етеді.

Редактор ИПЭИ

News