Кездесу барысында қатысушылар ҚХА-ның қазақстандық қоғамды біріктірудегі рөлі мен «Бірлігіміз - әралуандықта» қағидатын нығайтудағы маңыздылығына тоқталды.
Шақырылған сарапшылар этносаясат және мемлекеттік басқару саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.
Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директорының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрағасы Айгүл Кәкімбекқызы Садвокасова Қазақстандағы бірлік пен келісімді қамтамасыз ету саясаты жөнінде баяндама жасады. Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының Қолданбалы зерттеулер орталығының директоры, экономика ғылымдарының кандидаты Дінмухаммед Әзімбайұлы Ғали этникалық экономика мәселелерін талқылап, негізгі трендтерге тоқталды.
Шараға ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің Жас ғалымдар клубының мүшелері - Швейцарияның Цюрих университетінің докторанты Алия Болатхан, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы Жанар Накипбаева қатысты.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтану кафедрасының доценті, PhD, ҚХА ҒСК Жас ғалымдар клубының тең төрағасы Эльмира Сәкенқызы Отар Қазақстандық әйелдердің этникалық қауымдастықтардағы рөлі мен орны мәселелерін ашып көрсетті.
Сарапшылардың баяндамалары қызу пікірталас тудырып, тыңдаушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Бұл сараптамалық кездесу Қазақстандағы мәдени әртүрлілікті дамыту, этносаралық қарым-қатынасты нығайту және мемлекеттік басқарудағы жаңа тәсілдерді талқылау үшін маңызды алаңға айналды.