Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

Астанада ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі мен Ғылыми-сарапшылық топтары жанындағы Жас ғалымдар клубтарының бейресми кездесуі өтті

Астанада ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі мен Ғылыми-сарапшылық топтары жанындағы Жас ғалымдар клубтарының бейресми кездесуі өтті
2025 жылғы 20 ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің Республикалық Жас ғалымдар клубы мен ҚХА Ғылыми-сарапшылық топтарының жанындағы өңірлік жас ғалымдар клубтарының онлайн-кездесуі өтті.

Қатысушыларға алғы сөзін ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрағасы, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының орынбасары Айгүл Садвокасова жолдады.

Спикерлер ретінде Жас ғалымдар клубының тең төрағалары – Олжас Бейсенбаев пен Эльмира Отар сөз алды. Республикалық жас ғалымдар клубының ғылыми қоғамдастықты дамыту және ҚХА-ның сарапшылық әлеуетін арттыруға бағытталған алдағы жоспарлары мен жобалары таныстырылды.

Кездесу барысында өңірлердегі Жас ғалымдар клубтарының қалыптасу нәтижелері талқыланып, өңірлік клубтардың өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, алдағы жұмыс жоспарларын талқылады.

Іс-шара конструктивті диалог және пікір алмасу атмосферасында өтті. Кездесу қорытындысы бойынша ұсынылған жобаларды жүзеге асыру бойынша нақты қадамдар белгіленді.

Редактор ИПЭИ

News