Тараптар техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы этносаяси процестерді зерделеуге және болжауға, сондай-ақ осы саладағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысатын мамандарды даярлауға бағытталған жобаларды бірлесіп іске асыру туралы уағдаласты. Меморандум этносаралық және конфессияаралық қатынастар, сондай-ақ ұлттық келісім мен бірлік саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.