Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

18-шығарылым: Ғалым Шойкин

18-шығарылым: Ғалым Шойкин
Tamyrlas подкастының жаңа шығарылымында жүргізуші Айгүл Садвоқасова ҚР МАМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы, с.ғ.к. Ғалым Шойкин мырзамен сұхбаты. Бұл эпизодта Қазақстанның этносаясатының негізгі аспектілері, Комитеттің этносаралық қақтығыстардың алдын алудағы рөлі және қазақ тілін халық арасында ілгерілету мәселелері талқыланады.

Ғалым Шойкин табысты саясаттанушы және этносаясатшы болудың жолдары туралы ой бөлісіп, елдің әртүрлі өңірлеріндегі халықпен жұмыс істеу ерекшеліктерін түсіндіреді. Сондай-ақ, этномәдени бірлестіктер мен Достық үйлерінің этносаралық қатынастарды нығайтудың маңызды құралы ретіндегі рөлі көтеріледі.

Бұл шығарылым мемлекеттік этносаясат пен Қазақстанның этникалық әртүрлілігі мәселелеріне қызығушылық танытатын барлық көрермендер үшін пайдалы болады.
Сілтеме: https://youtu.be/d_n9-cvjkj8

Редактор ИПЭИ

News