Авторлары Отар Э., Садвокасова А., Ким Г., Нақыпбаева Ж., Көміртай А. болып табылатын ғылыми еңбек Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық кеңесінің ұсынысымен басылып шығарылған еді. Рецензенттер саясаттану ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Калашникова Наталья Павловна және әлеуметтану ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Басқару институтының профессоры Тынышбаева Ане Арзиевна болды.
Авторлар тереңдетілген нарративті сұхбат, бақылау сияқты әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерін баяндады. Сондай-ақ, монографияда ұсынылған Қазақстанның этникалық қауымдастықтар әйелдерінің бірегейлігін талдауға теориялық-тұжырымдамалық әдістерін, тарихи талдау нәтижелерін де атады.
Презентацияда әлеуметтану кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен кафедра білім алушылары, «Ой-толғау» аналитикалық клубының мүшелері, зерттеу ұйымдарының сарапшылары болды.
Барлық авторлардың сөзінен кейін тыңдаушылар сұрақтар қойып, әсіресе әдіснамалар мен бақылаулар туралы тереңірек айтуды сұрады. Сарапшылар зерттеу алынған зерттеу нәтижелері жергілікті этникалық қауымдастықтармен жұмыс жасауда, этносаралық салада ықпалдастық және интермәдени саясатты жүргізуде жергілікті мемлекеттік басқару органдары үшін іс жүзінде маңызды болып табылатынын атап өтті. Зерттеу нәтижелері мен қорытындылары орталық мемлекеттік органдар үшін әйелдерді мемлекеттік тілді үйрену, балалар мен жастарды құқықтық тәрбиелеу, қазақстандық қоғамда толеранттылық пен мәдениетаралық коммуникацияға тәрбиелеу мәселелеріне тарту кезінде құндылығын айтты.
Презентация соңында монография табысталып, естелікке ортақ фотосурет түсірілді.