Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

Халықаралық мультикультурализм жазғы мектебі: ынтымақтастық және мәдени алмасу

Халықаралық мультикультурализм жазғы мектебі: ынтымақтастық және мәдени алмасу

Баку Халықаралық Мультикультурализм Орталығымен ғылыми және мәдени ынтымақтастық туралы меморандум аясында Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының этносаралық жағдайларды мониторингтеу орталығының жетекші менеджері Жансая Ақанова «Мәдени мұраның бейбітшілікті, диалог пен толеранттылықты сақтаудағы рөлі» тақырыбындағы мультикультурализмнің XV Халықаралық мектебіне қатысты.

Жобаға қатысу үшін 21 елден 30 қатысушы шақырылды. Мультикультурализм Мектебінің басты мақсаты — Әзербайжанның этносаралық келісім саласындағы жетістіктерін көрсету арқылы қатысушылардың тәжірибе алмасуын және білімін байыту. Оқыту бағдарламасы әзербайжан халқы үшін маңызды орындарға экскурсияларды, Бакудың саяси және қоғам қайраткерлерімен кездесулерді, сондай-ақ келесі тақырыптар бойынша дәрістерді қамтиды: «Әзербайжан мультикультурализмінің ерекшеліктері», «Мәдениет пен сенімнің тоғысуы: Әзербайжанның діни әртүрлілігі үлгісі», «Кавказ Албаниясының мұрасы саяси дискурста», «Әзербайжан мәдени мұрасына жасалған вандализм актілері» және т.б. 

 

Редактор ИПЭИ

News