Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің жұмыс отырысы

Қазақстан халқы Ассамблеясы  Ғылыми-сарапшылық кеңесінің жұмыс отырысы
2024 жылғы 24 қыркүйекте Астана қ. Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) Ғылыми-сарапшылық кеңесінің жұмыс отырысы өтті. Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі мүшелері, өңірлік ғылыми-сарапшылық топтар, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.

Отырыстың модераторы ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрайымы, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директорының орынбасары, әлеуметтану ғылымдарының докторы Айгүл Садвоқасова болды.

Отырыстың негізгі бөлімі тарих ғылымдарының кандидаты, «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» КЕАҚ әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Ардақ Қапышевтің «Солтүстік Қазақстандағы этносаралық қатынастардың өңірлік ерекшеліктері» тақырыбындағы баяндамасымен басталды. Ол өз сөзінде өңірдегі этникалық топтар арасындағы өзара іс-қимылдың ерекшеліктеріне тоқталып, этносаралық ахуалға әсер ететін негізгі аспектілерді атап өтті.

Отырыс ұсынылған материалдарды талқылаумен, пікір алмасумен және дискуссиямен аяқталды, оның барысында қатысушылар Қазақстанда интеркультурализм саясатына негізделген этносаралық келісімді және азаматтық бірегейлікті дамыту мен ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті.

Отырыстың қорытындысы бойынша ғылыми материалдарды ілгерілету және этносаралық қатынастарды нығайту саласында озық әдістерді енгізу бойынша жұмыстарды жандандыру туралы шешім қабылданды.

Редактор ИПЭИ

News