Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

Петропавл қаласында этномедиаторларды даярлау мақсатында семинар-тренинг өтті

Петропавл қаласында этномедиаторларды даярлау мақсатында семинар-тренинг өтті
2024 жылғы 16-20 қыркүйек аралығында Петропавл қаласында ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің тапсырысы бойынша Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының Этномедиация орталығы өңірлік және жергілікті деңгейдегі этномедиаторларды даярлау мақсатында семинар-тренингті өткізді.

Іс-шараның мақсаты жергілікті деңгейдегі этномедиаторларды дайындау және этносаралық шиеленісті жедел режимде анықтауға, уақтылы әрекет етуге және туындаған дауларды оқшаулауға қатысуға қабілетті далалық этномедиаторлар пулын қалыптастыру болып табылады.
Іс-шараға 30-ға жуық Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарынан ҚХА қоғамдық құрылымдарының (аналар кеңесі, ақсақалдар кеңесі, ЭМБ), «Қоғамдық келісім» КММ, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері, педагог-психологтар, медиаторлар және т.б. белсенді қатысты.

Редактор ИПЭИ

News