Іс-шараға Ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің доценті Ботагөз Ракишева және Академия магистранттары қатысты.
Қатысушыларға алғы сөздерін Институт директорларының орынбасарлары Айгүл Садвоқасова мен Дана Әшімханова айтты.
Институт директорының орынбасары Дана Әшімханова қатысушыларды ғылыми зерттеулердің негізгі қағидаттарымен таныстырып, оларды жүргізу әдістерін көрсетіп, этносаяси саладағы кейстерді талдау бойынша жұмыстарды ұсынды.
Этносаралық жағдайларды мониторингтеу орталығының директоры Гүлдана Оқасова этносаралық саладағы әлеуметтік зерттеулер әдіснамасының негізгі аспектілері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Кездесудің негізгі бөлігінен кейін қатысушылар зерттеу әдіснамасы мен Институт қызметіне қатысты пікірлерімен бөлісіп, сұрақтар қою мүмкіндігімен сұрақ-жауап сессиясында белсенді қатысты.