Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары мен Жас ғалымдар клубының кездесуі

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары  мен Жас ғалымдар клубының кездесуі
18 қыркүйек күні Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі Марат Алмасұлы Әзілхановтың ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі жанындағы Жас ғалымдар клубымен кездесуі өтті.

Жас ғалымдар клубы жастардың ғылыми кадрлық резервін қалыптастыру, елдің ғылыми және сарапшылық мұрасын сақтау, сондай-ақ жас зерттеушілер мен аға буын сарапшылар арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында құрылуда. Клубтың негізгі міндеттеріне этносаяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени даму, ұлт қалыптастыру және этносаралық қатынастар процестерін зерттеу, сондай-ақ Ассамблея қызметі аясында ғылыми-зерттеу жұмыстары мен сараптамаларға қатысу жатады.

Кездесуде Клубтың жұмыс жоспарлары, сондай-ақ тарих, құқық, социология, саясаттану және басқа да салалардағы жас ғалымдарды қамтитын құрам талқыланды.

Редактор ИПЭИ

News