Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

Жалпы республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті

Жалпы республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті
2024 жылғы 16 қыркүйекте Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Бірлік пен келісім – Әділетті Қазақстанның басты құндылықтары» тақырыбында Жалпыреспубликалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР МАМ Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты ұйымдастырды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы және орталық мемлекеттік органдар өкілдері, сондай-ақ қазақстандық және халықаралық ғылыми-сарапшылық қауымдастық мүшелері қатысты. Конференция ҚР Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген басым бағыттар аясында этносаралық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайтудың қазіргі заманғы үрдістері мен тәсілдерін талқылайтын негізгі алаңдардың біріне айналды.

Конференция модераторы ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрағасы, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары Айгүл Садвоқасова болды.

Алғы сөздерін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов пен ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова сөйледі. Олар Ассамблеяның жалпыұлттық бірлікті қалыптастыру саясатын іске асырудағы маңызды рөлін атап өтіп, мемлекеттік органдар, этномәдени бірлестіктер және азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылды күшейту қажеттілігін атап өтіп, бұл елдегі этносаралық үйлесімділікті нығайтуға бағытталған стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру үшін аса маңызды екенін баса айтты.

 

Конференцияның спикерлері қатарында ҚР Парламентінің Сенат депутаты Нурия Ниязова, ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Еркін Әбіл, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ директоры Элина Масагутова, ҚР Президенттік орталығы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова, Ханкук шетел зерттеулер университетінің Халықаралық аймақтық зерттеулер орталығы (CIAS) зерттеуші профессоры Youngmin Chu (Корея) және басқа да тұлғалар сөз сөйледі.

 

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар алдағы жұмыстағы негізгі бағыттарды айқындайтын резолюцияны қабылдады. Резолюцияда этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты ілгерілету бойынша ақпараттық жұмысты күшейту және ағартушылық қызметті жандандыру қажеттілігі атап өтілді. Сондай-ақ мемлекеттік этносаясатты ғылыми және қоғамдық қолдауды қамтамасыз ету үшін этномәдени бірлестіктердің мемлекеттік органдармен және сарапшы қауымдастығымен өзара іс-қимылын кеңейту бағыттары белгіленді. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы қарсаңында құжатта мемлекеттік тілді этносаралық қарым-қатынас құралы ретінде арттыру, этномедиативтік практикаларды кеңінен енгізу және этносаясат саласында халықаралық ынтымақтастықты жалғастыру қажеттілігі ерекше атап өтілді.

Конференция қатысушылары жоғары белсенділігін мен елдегі бірлік пен келісімді нығайту жөніндегі жұмысты жалғастыруға дайындығын көрсетті.

 

 

 

  

 

   

 

Редактор ИПЭИ

News