Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

«Қоғамдық келісімді нығайтудағы этномедиация институтының рөлі» тақырыбындағы сараптамалық кездесу өтті

«Қоғамдық келісімді нығайтудағы этномедиация институтының рөлі» тақырыбындағы сараптамалық кездесу өтті
Астана қаласында Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты негізінде «Қоғамдық келісімді нығайтудағы этномедиация институтының рөлі» тақырыбындағы сараптамалық кездесу өтті. Кездесуді Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты ұйымдастырды.

Іс-шара барысында этносаралық қатынастар саласындағы медиацияны институттандыру мәселелері және оның қазіргі қоғамдағы тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етуге әсері қаралды.

Кездесуге қатысушылар этномедитация қақтығыстарды шешуге, этникалық топтардың сенімі мен интеграциясын нығайтуға ықпал ете отырып, қоғамдық келісімді нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Этномедиацияны тиімді пайдалану этносаралық қатынастардың сапасын едәуір жақсартады және қоғамның шоғырлануына ықпал етеді.

Сарапшылар Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында Президент белгілеген «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті. Бұл тұрғыда этномедиация құралдарын қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету үшін пайдалануға болады.

Іс-шарада Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры, саясаттану ғылымдарының кандидаты, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі Талғат Қалиев және «Қоғамдық келісім» РММ директоры Элина Масагутова баяндама жасады. Баяндамашылар арасында белгілі тарихшы Сымбат Шәкіров сөз сөйледі. Кездесудің модераторы Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының этномедиация орталығының этномедиаторы Рустем Бектрумов болды.

Талқылауға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің, «Қоғамдық келісім» РММ өкілдері, сондай-ақ Қазақстан тарихы, саясаттану және заң саласындағы белгілі ғалымдар, сарапшылар, медиаторлар мен зерттеушілер қатысты.

Редактор ИПЭИ

News