Дөңгелек үстел аясында Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары, ҚХА ҒСК төрағасы, ә.ғ.д., ҚХА Кеңесінің мүшесі Айгүл Кәкімбекқызы Садвоқасова сөз сөйледі. Спикер өз сөзінде этносаралық қатынастар және әлеуметтік интеграция саласындағы ғылыми зерттеулердің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ Қазақстанның полиэтникалық қоғамын нығайтуға бағытталған ғылыми тәсілдер мен әдіснамаларды ұсынды. Ұлт құрылысы мәселелеріне және университет ғылымының қазіргі заманның өзекті мәселелерін шешудегі рөліне ерекше назар аударылды.
Айгүл Кәкімбекқызы жалпыұлттық мақсаттарға қол жеткізу үшін ғылыми қоғамдастық пен мемлекеттік құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігін атап өтіп, Қазақстандағы ғылым мен білім беруді дамыту стратегияларын талқылауға маңызды үлес қосты.