Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

Баку халықаралық мультикультурализм орталығымен кездесулер өтті

Баку халықаралық мультикультурализм орталығымен кездесулер өтті
21-22 қараша аралығында қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев халықаралық ынтымақтастық аясында Баку халықаралық мультикультурализм орталығымен кездесулер өткізді.

Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің Қазақстан Республикасына жасаған сапары барысында қол қойылған меморандумда көзделген әріптестік қатынастарды іске асыру шеңберінде елдердің сарапшылар қауымдастығы арасында ынтымақтастық, әріптестік қатынастар және тәжірибе алмасу мақсатында Институт директоры бірлескен іс-шараларды талқылау үшін Орталықпен танысты.

Кездесулер барысында ғылыми-зерттеу саласындағы ынтымақтастық, қоғамдық келісім мен бірлік саласын әдіснамалық және сараптамалық сүйемелдеу мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті.

Қызығушылық тудыратын тақырыптар бойынша бірлескен ғылыми жобаларды ұйымдастыру, ғылыми бөлімдер арасындағы байланысты одан әрі дамыту, онлайн және офлайн форматта бейнеконференциялар, ғылыми семинарлар, тренингтер, конференциялар, дөңгелек үстелдер өткізу мүмкіншілігі туралы келісімдерге қол жеткізілді.

  

Редактор ИПЭИ

News