Ынтымақтастық шеңберінде әлеуметтану кафедрасының екі түлегі Көміртай Аружан мен Камилова Әйгерім дипломдық жұмыстар дайындады. Аталған студенттер оқу жылының басынан бастап жобаға интервьюер ретінде тартылып, Түркістан облысы мен Шымкент қаласында далалық зерттеу жүргізуге қатысты. Сондай-ақ студенттер зерттеу әдіснамасын және дизайнын әзірлеуге жұмылдырылғанын атап өткен жөн.
Далалық зерттеу нәтижелері бойынша студенттер "Этникалық қоғамдастықтардың әйелдері азаматтық және этникалық бірегейлікті жаңғырту және қалыптастыру арналары ретінде (Түркістан облысы мен Шымкент қ. мысалында)" жобасындағы зерттеу тобының екі мүшесінің жетекшілігімен келесі тақырыптар бойынша дипломдық жұмыстар дайындады:
- Көміртай Аружан – «Өзбек этносындағы әйелдердің әлеуметтік бірегейлікті қалыптастырудағы рөлі (Түркістан облысының мысалында)». Дипломдық жұмыстың жетекшісі Нақыпбаева Жанар Абдуақанқызы.
- Камилова Әйгерім – «Қазақстандағы тәжік әйелдерінің әлеуметтік-мәдени портреті». Дипломдық жұмыстың жетекшісі Отар Эльмира Сәкенқызы.
Оқу жылының соңында Көміртай Аружан мен Камилова Әйгерім дипломдық жұмыстарын сәтті қорғап, рецензенттердің де, аттестаттау комиссиясының да жақсы пікірлеріне ие болды.