Баяндамада 1990 жылдан 2022 жылға дейінгі ҚР-дағы көші-қон үрдістеріне талдау жүргізіліп, олардың даму парадигмалары анықталды. Көші-қон үрдістері көші-қон қозғалысының қарқындылығы мен көші-қон айналымының қарқындылығы коэффициенттері арқылы талдау жасалды. Халықтың ішкі қозғалысы және оны қоныстану процестері қарастырылды.
Дөңгелек үстелде демографиялық ауысу мәселелері, демографиялық ауысудың кезеңдері мен негізгі аспектілері талқыланды және Қазақстанның дамуының жаңа жағдайларында демографиялық ауысу тұжырымдамасының қолданылуы қарастырылды. Сонымен бірге демографиялық құрылымдағы өзгерістердің экономикалық өсуге, еңбек нарығына, әлеуметтік қамсыздандыруға, адам әлеуетінің дамуына және басқа аспектілерге, ықтимал оң және теріс салдарға әсері талқылады.