Іс-шараның мақсаты жергілікті деңгейдегі этномедиаторларды дайындау және этносаралық шиеленісті жедел режимде анықтауға, уақтылы әрекет етуге және туындаған дауларды оқшаулауға қатысуға қабілетті далалық этномедиаторлар пулын қалыптастыру болып табылады.
Іс-шараға 15-тен астам Солтүстік-Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстарынан ҚХА қоғамдық құрылымдарының (аналар кеңесі, ақсақалдар кеңесі, ЭМБ), «Қоғамдық келісім» КММ, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдері және медиаторлар белсенді қатысты.
|