Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің жұмыс отырысы өтті

ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің жұмыс отырысы өтті
Ағымдағы жылдың 19 шілдесінде Астана қ. Достық үйінде «ҚХА ҒСК сараптамалық әлеуетін дамыту және этносаясаттың өзекті мәселелері» тақырыбында ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің жұмыс отырысы өтті.

Іс-шараға ҚР ПӘ ҚХАХ, ҚР АҚДМ өкілдері, ҚХА кафедралары қауымдастығының мен ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері, сондай-ақ сарапшы қоғамдастықтың басқа да өкілдері қатысты.

Спикерлер ретінде ҚХА ҒСК төрағасы Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары, ә.ғ.д. Айгүл Садвокасова және ҚХА ҒСК мүшесі, ақпараттық қауіпсіздік және үгіт-насихат маманы, Rezonans.Asia бас редакторы Ассоль Мирманова сөз сөйледі.

Отырыс шеңберінде ғылыми тағылымдамалардан және біліктілікті арттыру бойынша басқа да оқу-практикалық іс-шаралардан өту арқылы ҚХА ҒСК мүшелерінің сараптамалық құзыреттерін арттыру мәселелері талқыланды. Қатысушылар Қазақстандағы этносаралық қатынастарға сыртқы қақтығыстардың идеологиялық әсері контекстінде ақпараттық жұмыс мәселесін қарастырды. Кездесу барысында сарапшылар осы құбылысқа байланысты тәуекелдердің алдын алу бойынша пікір алмасты және негізгі ұсыныстарды тұжырымдады. Спикерлер сөз сөйлегеннен кейін ҚХА ҒСК мүшелерінің алдағы жұмысының негізгі векторлары талқыланды.

Пікірталасқа қатысушылар этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде іс-қимылдарды үйлестіруге дайын екендіктерін білдіріп, ұйымдастырушыларға этносаясат проблемаларын кешенді талқылауға мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді.

Редактор ИПЭИ

News