Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

«Этносаралық қатынастар саласындағы жұмыстың негізгі басымдықтары туралы» семинар-кеңес өтті

«Этносаралық қатынастар саласындағы жұмыстың негізгі басымдықтары туралы» семинар-кеңес өтті
Бүгін Жетісу облысының Талдықорған қаласында жекелеген аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары мен ішкі саясат, ішкі істер бөлімдерінің басшыларына, аудан, қала прокурорларына, «Қоғамдық келісім» қызметкерлеріне арналған «Этносаралық қатынастар саласындағы жұмыстың негізгі басымдықтары туралы» семинар-кеңес өтті.

Семинар барысында этносаралық қатынастар саласының әртүрлі тақырыптары қарастырылды.

Атап айтқанда, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин қатысушыларға этносаралық саладағы жұмыстың негізгі бағыттарын баяндап, этнос өкілдерінің қатысуымен инциденттер мен оқиғаларды болдырмау және олардың алдын алу бойынша жүргізілетін жұмыстардың негізгі құралдары мен механизмдері, сондай-ақ этностық, тілдік және басқа да белгілеріне қарай кемсітушілікті болдырмаудың тең құқықтық қағидаттарын іске асыруы туралы ақпарат берді.

АҚДМ Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев этносаралық қатынастар саласындағы жұмыс, оның ішінде талдамалық жұмысты ұйымдастырудың әдістері туралы және тұрғындардың этносаяси сауаттылығын арттыруды кеңінен баяндады.

Қатысушылар қақтығыстардың алдын алу бойынша өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, толық жауап алды.

Редактор ИПЭИ

News