Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

«Көзқарас» ҚХА талқылау алаңы өтті

«Көзқарас» ҚХА талқылау алаңы  өтті
2023 жылғы 18 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXXII сессиясы қарсаңында ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының Конституция залында «Қазіргі әлемдегі азаматтық бірегейлік» тақырыбында ҚХА «Көзқарас» талқылау алаңы өтті.

Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, ҚХА төрағасының орынбасары, ҚР ПӘ ҚХАХ меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі мен кафедралар қауымдастығының мүшелері, сондай-ақ сараптамалық қоғамдастықтың басқа да өкілдері қатысты.

Дархан Қыдырәлі өзінің алғы сөзінде осы бағыт бойынша қызметті жүйелі іске асыруда ғылыми-сараптамалық тәсілдің маңыздылығын атап өтіп, жалпыұлттық бірлік пен келісімді сақтау және нығайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс жан-жақты тәсілдерді талап ететінін жеткізді.

Сонымен қатар ол ұлттық бірегейлікті қалыптастыруда жаңа коммуникация мен масс-медианың рөлі ерекше екеніне тоқталды. Ақпараттық кеңістікті ұтымды пайдалану арқылы мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, этностар арасында қазақ тіліне деген қызығушылықты арттыруға қол жеткізуге болатынын жеткізді.

Алаң спикерлері азаматтық бірегейлік тақырыбы «Әділетті Қазақстанды» құру кезеңінде өзекті болып табылатынын атап өтті. Спикерлердің сөздерінде ұлттық бірлікті қалыптастыру, қазақстандық қоғам контекстіндегі азаматтық және этникалық бірегейліктің өзара байланысы, жастардың бірегейлігін қалыптастырудағы білім берудің рөлі, этностардың әлеуметтік интеграциясы, жаһандану мен заманауи технологиялардың азаматтық бірегейлікті қалыптастыру процесіне әсері сияқты маңызды мәселелер көтерілді.

Талқылау барысында пікірталас қатысушылары азаматтық, этникалық, діни және жалпыадамзаттық бірегейлікті қалыптастыру проблемалары мен заңдылықтарын, оның ішінде олардың азаматтардағы арақатынасын талқылады, сондай-ақ қоғамда азаматтық бірегейлікті қалыптастыру жолдары мен әдістері туралы нақты пікірлерімен алмасты.

Қатысушылар осы іс-шараның тұрақты негізде өткізілетініне және зерттеушілер мен сарапшыларға этносаралық қатынастар саласында үздіксіз тәжірибе мен білім алмасуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Редактор ИПЭИ

News