Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясының қорытындылары талқыланды

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясының қорытындылары талқыланды
2023 жылғы 4 мамырда Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясы қорытындысы бойынша ҚХА «Көзқарас» талқылау алаңы өтті.

Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, ҚХА төрағасының орынбасары, ҚР ПӘ ҚХАХ меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі мен кафедралар қауымдастығының мүшелері, сондай-ақ сараптамалық қоғамдастықтың басқа да өкілдері қатысты.

Дархан Қыдырәлі өзінің алғы сөзінде «Көзқарас» алаңы этносаралық саланы нығайту мен дамыту бойынша ғылыми-сарапшылық қоғамдастық пен мемлекеттік органдардың тиімді өзара іс-қимылы үшін платформа бола алатынын атап өтті. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясының өткен XXXII сессиясы шеңберінде Мемлекет Басшысы қойған міндеттерді іске асыру үшін ғылыми-әдіснамалық негізді дайындауда ғалымдар мен сарапшылардың ерекше рөлі туралы еске салды.

Алаң спикерлері өз сөздерінде азаматтардың әлеуметтік-саяси процестерге қатысу дәрежесін арттыру және жастар бастамаларын кешенді қолдау негізінде жалпыұлттық бірегейлікті қалыптастыру мәселелерін қозғады. Әлеуметтік келісімді нығайту үшін мемлекеттік тілді ілгерілетудің тәсілдері мен әдістері талқыланды. Сонымен қатар, этникалық БАҚ-тарды дамыту, контент үйлестіру және бірлік пен өзара түсіністікке негізделген құндылықтарды жан-жақты ілгерілету сияқты маңызды тақырыптар көтерілді.

Іс-шара соңында спикерлер алға қойылған міндеттерді сапалы іске асыру мақсатында пікір алмасып, алдағы бірлескен жұмыстың негізгі векторларын анықтады.

    

Редактор ИПЭИ

News