Іс-шараға этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырумен айналысатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мамандары, этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері, өңірлердегі Ғылыми-сарапшылық топ мүшелері және журналистер қатысты.
Семинар-тренинг барысында қатысушылар этнодемография мен этноэкономикаға байланысты ұғымдар мен терминдермен, сонымен қатар аймақтық этносаясаттың теориялық негіздерімен танысты. Сонымен қатар, қатысушылар зерттелетін тақырып бойынша өзекті мәліметтер алып, этнодемографиялық даму деңгейін бағалауда қолданылатын әдістемелік және аспаптық негізді меңгерді. Атап айтқанда, 2021 жылғы Қазақстан халық санағының қорытындылары, сондай-ақ Қазақстандағы этностардың жұмыспен қамту салаларын, олардың отандық экономикаға қатысу нысандары мен деңгейін бағалайтын зерттеу нәтижелері қаралды.
Алдағы оқыту іс-шараларды жетілдіру мақсатында семинар-тренинг соңында қатысушыларға кері байланыс сауалнамасы жолданды.