Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

«Электоралдық белсенділік азаматтық бірегейлік факторы ретінде» жалпыреспубликалық ғылыми-практикалық конференциясының хабарл

«Электоралдық белсенділік азаматтық бірегейлік факторы ретінде» жалпыреспубликалық ғылыми-практикалық конференциясының хабарл

2022 жылдың 11 қарашасында сағат 10:00 мен 13:40 аралығында

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ бас ғимаратының Ғылыми кеңесінің Мәжіліс залында (Қ.Сәтбаев к-сі 2, каб 206) гибридтік форматта Қазақстан халқы Ассамблеясының аясында «Электоралдық белсенділік азаматтық бірегейлік факторы ретінде» жалпыреспубликалық ғылыми-практикалық конференциясы өтетін болады.

Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары
М.А. Әзілханов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Д.Р. Қадыров,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ю.В. Кучинская, «AMANAT» партиясының хатшысы Д.Ж. Кәрібек, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Е.Б. Сыдықов,
ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ өкілдері, ҚХА Ғылыми-сараптамалық кеңесінің мүшелері, ҚЭЗИ жанындағы сарапшылар тобы, өнірлердің ғылыми-сараптамалық топтары, жоғары оқу орындарындағы ҚХА кафедраларының өкілдері, сондай-ақ Израиль, Испания және Ресейдің сарапшыларының қатысуымен өтеді.

Конференция тақырыбының аясында отандық және шетелдік сарапшылар жаһандық және жергілікті электоралдық үрдістерді, азаматтық бірегейлік мәселелерін талқылап, оның сайлау үдерістеріне қатысу мәдениетін қалыптастырудағы рөлін бағалайды.

Конференция ұйымдастырушылары – ҚР АҚДМ Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты, «AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институты және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.

 

Қатысу үшін байланыс деректері:

Тел.: 8 (7172) 47 28 26, 8 707 893 14 94

Пошта: iaes.2020@inbox.ru

Редактор ИПЭИ

News