Конференция Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары М.А. Әзілханов, ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі Д.Р. Қадыров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ю.В.Кучинская, «AMANAT» партиясының хатшысы Д.Ж. Кәрібек, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Е.Б. Сыдықов қатысуымен өтті. Оған қоса, іс-шараға ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ және басқа да аналитикалық зерттеу институттарының өкілдері, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің, ҚЭЗИ жанындағы Сарапшылық топтың, өңірлердегі Ғылыми-сарапшылық топтарының мүшелері, жоғары оқу орындарындағы ҚХА кафедраларының өкілдері, сондай-ақ Израиль, Испания және РФ сарапшылары қатысты.
Конференция аясында отандық және шетелдік сарапшылар жаһандық және жергілікті сайлау үрдістерін қарастырды, азаматтық бірегейлік мәселелерін талқылады және оның сайлау үдерістеріне қатысу мәдениетін қалыптастырудағы рөлін бағалады.
Шара барысында отандық сарапшылар азаматтық бірегейлік тақырыбы бойынша жүргізілген социологиялық зерттеулердің нәтижелерін ұсынды, қазақстандық қоғамның, әсіресе жастардың саяси белсенділігінің заманауи тенденцияларын қарастырды. Өз кезегінде халықаралық сарапшылар елдеріндегі азаматтық бірегейлікті қалыптастырудағы тәжірибелерімен бөлісті.
Сайлау үрдістері мен азаматтық бірегейлік мәселелерін талқылау қорытындысы бойынша Конференцияға қатысушылар жаңа сайлау дәстүрлерін қалыптастырудың маңызды аспектілерін көрсететін және алдағы сайлаудың азаматтық қатысу мәдениетін нығайтудағы рөлін жариялайтын резолюцияны қабылдады.