Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

«Сайлаудың маңыздылығы туралы» тақырыбындағы этносаяси дискурсы

«Сайлаудың маңыздылығы туралы» тақырыбындағы этносаяси дискурсы
2022 жылдың 18 қазанында Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының (бұдан әрі – Институт) этносаяси дискурс алаңында онлайн форматта «Сайлаудың маңыздылығы туралы» тақырыбында сарапшылық  кездесу өтті.

Іс-шараға ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің өкілдері, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің, облыстық ғылыми-сарапшылық топтардың, Институт негізіндегі этносаралық қатынастар саласындағы Сарапшылық тобының мүшелері, «Қоғамдық келісім» РММ өкілдері және т.б. мамандар қатысты.

Этносаяси дискурс алаңында сарапшылар алдағы Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын, оның маңызы мен Президент мандатының қайта сайлау құқығынсыз жеті жылға дейін шектелуіне байланысты саясаттың даму перспективаларын талқылады.

Саясаттанушы, саясаттану ғылымдарының кандидаты, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық Құрылтайдың мүшесі – Талғат Қалиев 2029 жылы өтетін кезекті сайлаудың келешегі туралы өз пайымымен бөлісті. Оның ойынша, келесі жағдай болуы ықтимал: Қазақстан Республикасының тарихында алғаш рет халық өзін президент ретінде әлі көрсетпеген кандидаттардың арасынан таңдауға мәжбүр болады. Сарапшы осы тұрғыдан алғанда, алдағы президент сайлауы болашақта маңызды плебисциттерді өткізуге дайындық болып табылады деген қорытындыға келді.

Өз кезегінде саясаттанушы, қоғам қайраткері, «Ұлан-ғайыр Дала Елі» директоры, Ұлттық волонтерлік желінің сарапшысы Уәлихан Бахретдинов қазіргі президенттің сайлауалды жоспарларында жалғасын тауып отырған әлеуметтік-экономикалық саясатының тиімділігін атап өтті. Сөзін қорытындылай келе, спикер Қазақстанда алдағы сайлаудан кейін демократиялық саяси жүйені дамыту үшін сайлау үдерістерінде қатаң кезеңділік дәстүрі қалыптасады деген сенім білдірді.

Дискурсқа Назарбаев Университетінің Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің қауымдастырылған профессоры, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының сарапшылар тобының мүшесі Азиз Бұрханов қатысты, ол барлық қауіп-қатерлерге қарамастан, алдағы үдерістер бірте-бірте электоралдық мәдениеттің дамуына әкеледі деп оң үмітін білдірді.

Шара барысында сарапшылар таяу жылдардағы Қазақстандағы саяси және электоралды үдерістердің даму перспективаларын қарастырды. Аудиторияның ерекше назары мен белсенділігі демократиялық бастамалардың тұрақтылығына және президенттік қызметтің жаңа принциптерін нығайтуға аударылды.

 

Редактор ИПЭИ

News