Осы семинар-тренингтің мақсаты-түрлі этникалық топтардың қатысуымен дау-жанжалдардың/даулардың алдын алу және реттеу бойынша базалық дағдыларға оқыту болып табылады. Бағдарлама Жамбыл облысында сынақтан өткен бағдарлама негізінде құрылды.
Қатысушылар арасында Ақмола облысы қызметінің түрлі салаларындағы мүдделі тұлғалар болды. Олардың арасында құқық қорғау құрылымдарының, облыс және ауылдық округ әкімдіктерінің, білім беру, денсаулық сақтау бөлімдерінің, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының, этномәдени бірлестіктердің және т. б. өкілдері бар.
Семинар-тренинг интерактивті жұмыс әдістерін қолдану арқылы өткізілді. Қатысушылар кейстермен және практикалық сабақтармен жұмысқа белсене қатысты, конфликтологияның теориялық негіздерімен, өшпенділік тілімен, этномедиациямен, жанжалдарды реттеу бойынша жұмыстың негізгі технологиялары мен құралдарымен егжей-тегжейлі танысты, сондай-ақ мінез-құлықтың әртүрлі стильдерін және т. б. қарастырды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар этномедиация тақырыбына қызығушылық танытып, осы тақырып бойынша оқуды тереңдете жалғастыруға ниет білдірді.