Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

Елордада Мемлекет Басшысы Жолдауының негізгі ережелерін іске асыруды талқылауға арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылым

Елордада Мемлекет Басшысы Жолдауының негізгі ережелерін іске асыруды талқылауға арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылым
12 қыркүйекте елордалық Достық Үйінде Қазақстан халқына Президент Жолдауының негізгі қағидаларын іске асыруға арналған ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің жұмыс отырысы өтті.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері, Ғылыми-сарапшылық кеңестің мүшелері қатысты. Сонымен қатар, онлайн-қосу арқылы өңірлік Ассамблеялар мен «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері қосылды.

Баяндамашылар Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру кезеңінде әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси салаларда айтарлықтай қайта жаңғыру күтіліп отырғанын және бұл мәселеде ғылыми-сарапшылық қауымдастықтың Президент Жолдауының ережелерін қолдау, ұғыну және түсіндіру жұмыстарына қатысуы маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Отырыс барысында ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина өз сөзінде Президент Жолдауының негізгі міндеттері – адами әлеуетті дамыту, бюджет, салық саясатын жетілдіру болып табылатынына назар аударды, сондай-ақ Мемлекет басшысының әлеуметтік-экономикалық блок бойынша негізгі бастамаларына тоқталды.

Педагогикалық қоғамдастық атынан Ұлттық жаңғыру мектеп-кешенінің директоры, СҚО Ғылыми-сарапшылық тобының мүшесі Ләззат Жалмұқанова Мемлекет басшысының Жолдауында ұсынылған білім беру жүйесі жағдайының және білім беру секторын дамытудың негізгі ережелерінің маңыздылығы туралы айтып берді.

Отырыс барысында ҚХА ҒСК мүшесі, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ саясаттану кафедрасының профессоры, саяси ғылымдарының докторы, ҚХА кафедралары Қауымдастығының төрағасы Наталья Калашникова сөз сөйледі. Ол этносаралық тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының деректер базасын жүйелеу аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы толығырақ айтып берді. Спикердің айтуынша, қазіргі уақытта этносаяси процестер мен этносаралық мәселелер саласындағы 180-нен астам дереккөзден тұратын ресурстық база жинақталған.

Отырыс барысында қатысушылар Президенттің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін іске асыруды қолдауға ниетті екендерін білдіріп, пікір алмасты.

Редактор ИПЭИ

News