Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының әлеуметтік блогына қатысты сараптамалық талқылау өтті

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының әлеуметтік блогына қатысты сараптамалық талқылау өтті
2022 жылдың 7 қыркүйегінде Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының (бұдан әрі – Институт) этносаяси дискурс алаңында онлайн форматта «Жер қойнауы Қазақстан халқына қалай қызмет етпек? Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Жолдауының әлеуметтік блогын талқылау» тақырыбында сарапшылық  кездесу өтті.

Іс-шараға ҚХА Ғғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері, өңірлердегі Ғылыми-сараптамалық топтардың, Институт жанындағы этносаралық қатынастар саласындағы Сарапшылық тобының мүшелері, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ мамандары және т. б. қатысты.

Этносаяси дискурс алаңында сарапшылар Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында ұсынылған жаңа бастамалар мәселелерін талқылады: балаларға күтім жасау жөніндегі жәрдемақыны бір жарым жасқа дейін төлеу мерзімін ұзарту, Ұлттық қор кірістерінің бір бөлігін қазақстандық балалардың шоттарына аудару, зейнеткерлік жасты төмендету, экономиканың негізгі секторларын бақылаушы ретінде «Самұрық-Қазына» АҚ қорын тек мажоритарлық топтамаға ие инвесторға айналдыру. Аталған бастамаларды ескере отырып, Қазақстанның қоғамдық және демографиялық даму тәуекелдері тақырыбы қозғалды.

Сөз сөйлеу барысында С. Аманжолов атындағы ШҚУ профессоры, тарих ғылымдарының докторы, «Алтайтану» ҒЗО-ның бас ғылыми қызметкері – Алексеенко Александр жаңа бастамаларды енгізуге қатысты өзінің кәсіби пікірімен бөлісті. Сонымен қатар, сарапшы аталған бастамалардың негізгі бағыты демографиялық өсуді ынталандыруға жанама әсер ететінін атап өтті.

Өз кезегінде, әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, АҚДМ ҚҚДИ Стратегиялық талдау тобының жетекшісі – Ляззат Нұрқатова әзірленген Отбасының цифрлық картасы және картаны әзірлеу барысында қолданылған әлеуметтанушылық зерттеулерді жүргізу әдістері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Іс-шара барысында сарапшылар тәуекелдерді нивелирлеу, әділ әлеуметтік саясатты қалыптастыру, сондай-ақ халықтың репродуктивті мінез-құлқы, бала тууды дамыту, көрсетілген бастамалар аясында қазақстандық қоғам үшін әлеуметтік пакетті қалыптастыру мәселелерін қарады.

Редактор ИПЭИ

News