Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

«Қоғамдық тұрақтылықты сақтаудағы медиацияның рөлі» тақырыбында этносаяси дискурсы

«Қоғамдық тұрақтылықты сақтаудағы медиацияның рөлі» тақырыбында этносаяси дискурсы
Бірыңғай республикалық медиация күні қарсаңында 2022 жылғы 4 тамызда Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының (бұдан әрі – Институт) этносаяси дискурс алаңында онлайн форматта «Қоғамдық тұрақтылықты сақтаудағы медиацияның рөлі» тақырыбында сарапшылық кездесу өтті.

Іс-шараға ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің, өңірлердегі Ғылыми-сарапшылық топтардың, Институт жанындағы этносаралық қатынастар саласындағы Сарапшылық тобының мүшелері және т.б. қатысты.  

Этносаяси дискурс алаңында сарапшылар Қазақстандағы медиацияның мәні, медиативтік практикалардың маңыздылығы, елдегі этномедиация институтының дамуы, медиация мен этномедиацияның арасындағы  айырмашылық, сондай-ақ қазақстандық қоғамдағы этномедиацияның маңыздылығы туралы өзекті сұрақтарға жауап берді.

Республикалық кәсіби медиаторлар палатасының төрағасы Ольга Эрлих өз сөзінде медиацияны жүргізудің отандық және халықаралық тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, медиаторлардың конфликтология, психология және мәдениетаралық коммуникация саласындағы дағдыларын, білімі мен іскерлігін кеңейту қажеттілігін атап өтті

Өз кезегінде, ҚХА медиация Кеңесінің мүшесі Шерзод Пулатов елдегі этномедиацияны дамытудың жүйелі шаралары туралы айтып берді. Этномедиацияның даму ерекшелігі болып этностық топтардың қатысуымен болатын қақтығыстық жағдайларды ескерту, алдын алу және реттеу сұрақтары оның маңызды рөлі болып табылатынын және медиаторлар мен олардың қызметіне мониторинг жүргізетін медиация саласындағы уәкілетті органды айқындау қажеттігі туралы атап өтті.  

Іс-шара барысында қатысушылар пікір алмасып, талқыланған тақырып бойынша өз көзқарастарын білдірді.

Редактор ИПЭИ

News