Іс-шараға саяси қайраткер, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Наринэ Микелян Гамлетовна, ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің өкілдері, сондай-ақ ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің, Ғылыми-сарапшылық топтарының, ҚЭЗИ жанындағы сарапшылық тобының мүшелері және басқа да мүдделі сарапшылар қатысты.
Этносаяси дискурс алаңында сарапшылар референдум қалай өткені жайлы, Конституцияға енгізілген өзгерістер бойынша қандай оң баға берілді, сондай-ақ конституциялық реформалардың «Жаңа Қазақстан» құрылысына қандай әсерін тигізетіні жайлы сөз қозғалды және т.б.
Саяси қайраткер Наринэ Гамлетовна түсіндіру жұмыстары қалай жүргізілгені және халықпен қалай әңгімелесулер жүргізілгені туралы сөз қозғап, Қазақстан аумағында тұратын этностардың мемлекеттік және ана тілдерін үйренудің маңыздылығын көрсетті. Сондай-ақ, Конституцияға енгізілетін түзетулер тақырыбына қызығушылық танытқан жастардың азаматтық белсенділігінің артып келе жатқанын атап өтті. Оның пікірінше, "Жаңа Қазақстан" құрылысындағы халықтың мемлекетке деген сенім деңгейі артты.