Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

«Конституциялық реформалар контексінде азаматтық теңдік»

«Конституциялық реформалар контексінде азаматтық теңдік»
2022 жылғы 19 мамырында Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының (бұдан әрі-Институт) этносаяси дискурсы алаңында онлайн форматта «Конституциялық реформалар контексінде азаматтық теңдік» тақырыбында сарапшылық кездесу өтті.

Іс-шараға ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің өкілдері, «Адам құқықтары хартиясы» қоғамдық қорының, Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының өкілдері, профессорлар, сондай-ақ ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің, Ғылыми-сарапшылық топтарының, ҚЭЗИ жанындағы сарапшылық тобының мүшелері және басқа да мүдделі сарапшылар қатысты. 

Этносаяси дискурс алаңында сарапшылар референдумның маңыздылығы мен қажеттілігі, оны өткізуге қойылатын талаптар, Негізгі Заңға түзетулер енгізу қажеттілігі, сол түзетулердің жақтаушылары және қарсыластары кім, қандай конституциялық реформалар азаматтық теңдік мәселелеріне жауап береді және т. б. сияқты өзекті сұрақтарға жауаптарды тереңірек ашуға тырысты.

Атап айтқанда, Еуропалық құқық және адам құқықтары сараптамалық институтының директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚХА ҒСК мүшесі Марат Советұлы конституциялық реформалар барлық азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғайтын және мемлекеттік механизмдердің тиімділігін арттыратын азаматтық теңдік доктринасының негіздеріне сәйкес келуге бағытталған деп санайды. Сондай-ақ, ол әрбір азаматтың референдумға қатысуының маңыздылығынсөзге тиек етті.

Өз кезегінде, «Адам құқықтары хартиясы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Жеміс Өтегенқызы жаңа реформаларға сәйкес әрбір азамат өздігінше ойланып, мемлекеттік ауқымдағы шешім қабылдауға дайын деп есептейді. Бүгін біз жаңартылған Қазақстанда өмір сүргіміз келе ме, жоқ па, соны әркім өзі үшін шешуі тиіс. Өйткені, халықтың ұсынылып отырған конституциялық реформаларды қолдауы заңнаманы ғана емес, азаматтық құқық санасын да өзгерту жөніндегі ауқымды жұмысты жалғастыруға мүмкіндік береді деген пікірде.

Іс-шара барысында қатысушылар пікір алмасып, алдағы референдумның маңыздылығын атап өтіп, өздерінің азаматтық борыштарын орындауға дайын екендіктерін білдірді.

Редактор ИПЭИ

News