Institute of Applied Ethnopolitical Research
more

Аудандық полиция, прокуратура мен әкімдік өкілдері этномедиация дағдыларына үйренуде

Аудандық полиция, прокуратура мен әкімдік өкілдері этномедиация дағдыларына үйренуде
2021 жылғы 16-17 қыркүйекте Тараз қаласында ҚР АҚДМ Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты «Этносаяси сауаттылық және этномедиация негіздері» семинар-тренингін өткізеді.

Семинар-тренингтерге Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстары жергілікті полиция органдарының, прокуратурасының және полиэтносты аудандары әкімдіктерінің өкілдері қатысты. Семинарда ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті төрағасының орынбасары Айбек Жақсыбаев, институт директоры Талғат Қалиев, сондай-ақ институттың жетекші сарапшылары сөз сөйледі.

Іс-шара бағдарламасына нақты кейстерді талдау және себеп-салдар байланыстарын көрсету арқылы дәрістер топтамасы кіреді.

Мақсаты – этносаяси сауаттылықты арттыру, этносаралық қатынастар саласының ерекшеліктерін және оқиғаның қате интерпретациясының салдарын түсіндіру.

Семинардың тақырыптары: «Конфликтология және этномедиацияның негіздері», «Ақпараттық және медиалық сауаттылық. Ақпараттық кеңістіктегі этносаралық қатынастар», «Қазақстанның этностық топтары арасындағы өзара қарым-қатынастың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері. Жанжалдың ақпараттық компоненті. Алауыздық тілі. Жанжалдың декларативті кезеңіндегі бейнормативті этнонимдері», «Қоғамдық риторика дағдылары».

Қатысушыларға алған білімдері мен дағдыларын бекіту үшін Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының сарапшылары семинардың соңында тәжірибелік сабақтар өткізеді.

News